00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалықтар Мұқағалидың «Ғашық жүрек» қойылымын тамашалады

25.02.2023 | 08:47
Елорда ақпарат
60

Спектакль атмосферасы ерекше жарқын, көрермендерді өзіне бірден баурап әкетеді.

Қойылымның режисері әрі актер - Аман Ғұмаров. Ол сахнадағы мизансцена, актерлік құрамның әрекеттерін қисынды ойластырған. Әнмен өріліп отырған қимыл-әрекеттер көрерменге нақты жеткізіліп отырды. Қойылымның ұзақтығы 1сағ 30 мин құрайды.

Мұқағали Мақатаевтың бейнесін театр актері Мухаммедсаид Бағашаров,ал оның досы Шәмілдің рөлін Аққанат Қуандыков сомдады.Мұзбалақ ақынның «Есіңе мені алғайсың», «Отыздан асып барамын», «Ана, сен бақыттысың», «Жапы­рақ жүрек жас қайың», «Күн қайда», «Күрең күз», «Бақыт деген», «Сәби болғым келеді», шығармалары және «Шыда, шы­да», «Шәміл-ау» басқа да поэзиялары оқылды.

Жалпы бұл спектакль актерлердің вокалдық дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетіп берді.

Жеңіл әрі көңілді «Ғашық жүрек» спектакльнің дайындық барысы 1айға дейінгі уақыт аралығын алды. Әрбір спектакльдің алдында әнге, биге, хорға дайындық барысын жасаймыз, - деп бөлісті театр актрисасы Альбина Хамидуллина.

Мәдина САҒЫНҒАЛИ,

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті 

Барлық жаңалықтар