00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Археологтар БАӘ-де шамамен 9 мың жыл бұрын салынған ғимаратты тапты

25.02.2023 | 00:57
Елорда ақпарат
55

Ғалымдар табылған ғимараттар шағын қоғамдастыққа тиесілі екенін айтып отыр.

Бұл археологиялық олжалар адамдардың осында сегіз жарым мың жыл бұрын қоныстанғанын және үй салғанын көрсетті. Сондай-ақ, бұл мыңдаған жылдар бойы тек прогреске ұмтылған дамыған қоғам екенін анықтадық, - деді Абу-Даби Мәдениет және туризм департаментінің төрағасы Мохамед Аль Мубарак.

Аталған ғимараттар Абу-Даби қаласынан батысқа қарай Гага аралында орналасқан.

Табылған заттар ғалымдарға жаңалық ашуға мүмкіндік береді: ғимараттар БАӘ-де табылған қоныстар ішінде ең көнесі болып шыққан. Бұрын ең көне ғимарат Абу-Даби жағалауында орналасқан Морава аралындағы ғимарат болатын. Оның жасы жаңадан табылған қирандыларға қарағанда 500 жасқа аз.

Барлық жаңалықтар