00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры кезекті маусымын ашты

24.02.2023 | 20:12
Елорда ақпарат
58

«Театрымыз – жас театрлардың бірі. Біз үш жылдығымызды ғана атап өттік. Міне, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында театрдың төртінші маусымын ашып отырмыз. Абайдың 175 жылдығына арналған Абай қойылымын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов ағамыз қойды. Бұл қойылымда біз Абайдың Абай болуын, үлкен қадамдарды қалай жасағанын, үлкен ойларға қалай келгенін, бала Абайдан үлкен Абайға қалай өткенін – өмір жолын алған болатынбыз. Өзім Абайдың анасы Ұлжанды сомдадым», - деді театр актрисасы Ажар Шәкіржанова.

Көрерменге ақынның жас күнін жеткізген актер Бекарыс Асқарбеков өз ойын былайша жеткізді.

«Жас Абай» қойылымында ақынның жас күнін сомдадым. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Өзім үшін бір жеңіс деп есептеймін. Ақынның өлеңдерінің, қара сөздерінің астарында қандай мағына жатқанын түсіну оңай емес. Ақынның жас күнін сомдағаныма қуаныштымын», - деді Бекарыс Асқарбеков.

Айта кетейік, «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қарашасында ресми түрде ашылды. Құрамына Нұр-Сұлтан қаласының Номад театры, Назар аудар театры кіреді.

Барлық жаңалықтар