00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Абайдың қара сөздері» атты фильмнің түсірілімі аяқталды

24.02.2023 | 19:20
Елорда ақпарат
37

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдау көрсеткен кинотуынды он бес астарлы әңгіме мен философиялық трактаттардан тұрады. Киножоба режиссері ақынның іргелі туындысын жаңа қырынан ашу үшін күрделі шешімдер қолданған.

Қазақстандық актерлер Тұңғышбай Жаманқұлов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Нұрлан Әлімжанов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов және Аян Өтепберген басты кейіпкерлердің рөлдерін сомдады. Ал киножобаның түсірілім жұмыстары Алматы мен Алматы облысының аумағында өтті.

Айта кетсек, фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түсірілген. Дәл қазір көркем фильм графикалық жұмыстарды жүргізудің соңғы кезеңінен өтуде.

Барлық жаңалықтар