00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

20 ғасырдың киімі 21 ғасырда біздің замандасымыздың үстінде қалай көрінер еді?

24.02.2023 | 18:54
Елорда ақпарат
81

Қадірменді оқырман, суреттегі костюмді осыдан бір ғасыр бұрын (!) Сәкен Сейфуллиннің өзі киген. Ол ұсақ жолақты, қара қоңыр шұғадан тігіліп, ағылшын стильінде пішілген. Заманауи стилі әлі күнге дейін сәннен шықпай келеді.

Ал мына суретте оның туфлиін көруге болады. Былғары теріден жасалып, классикалық үлгіде тігілген. Мұндай үлгідегі аяқ киімді осы күнге дейін әлемдік деңгейдегі дүкендер мен еліміздің сауда нүктелерінен кездестіруге болады.

Сәкен Сейфуллин бұл аяқ киімді 1929 жылы Қырымдағы Алупка қаласында демалып жүрген кезінде сатып алған.

Мына суретте жазушының алтын қалта сағаты бейнеленген. Швейцарияның «Hy Mozer» бренді, 100 грам алтын. Бұл 1936 жылы Сәкен Сейфуллинге қоғамдық және шығармашылық қызметінің 20 жылдық мерейтойында сыйланған бағалы сыйлық.

Байқасаңыздар, осы бір ғасырдың ішінде мода айтарлықтай өзгере қоймағандай. Мысалы, біздің замандастарымыз мына киімді киіп, сағатты тағып, көшеге шықса, оны XX ғасыр басындағы стильді ұнататын талғамы биік адам екен деп қабылдар едік. Ал Сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман?!

Назерке Еркінқызы

Барлық жаңалықтар