00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал 10 әншінің қатарына кірді

24.02.2023 | 18:42
Елорда ақпарат
81

Американың NetBase Quid атты тәуелсіз зерттеу компаниясы қараша айында әлеуметтік желіде аттары жиі аталған әлемге танымал әншілердің тізімін жасады. Аталған ұйымның зерттеуі талдау және интернет нарығын қолданушылардың бағасына негізделіп жүргізілген.

Әлемге әйгілі әншілердің ішінде Димаш Құдайберген танымалдық жағынан 9-орында тұр. Бірінші орында америкалық әнші Тейлор Свифт, екінші орында кореялық BTS тобының мүшесі JIN және үшінші орында оңтүстіккореялық әнші Lisa (Blackpink тобының экс-мүшесі) келеді.

Сондай-ақ әншілер рейтингінде көпке танымал Adele, Джастин Бибер және Ариана Гранде секілді өнер жұлдыздары бар.

Барлық жаңалықтар