00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Сөз шебері» – жүргізушілер сайысы!

24.02.2023 | 17:33
Елорда ақпарат
70

Фестиваль-байқаудың мақсаты - жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу, сөйлеу жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін жастарды анықтау.

Байқаудың іріктеу турына елордалық 50-ден астам білім беру ұйымдары қатысуға ниет білдірді. 20 лайықты қатысушы екінші турдың финалистері атанды.

Сайыс үш креативті тапсырмадан тұрды – «Мен жүргізуші боламын» визит карточкасы, «Тәуелсіздік – ұлы ұғым!» атты репортаж, экскурсия, сұхбат және т.б. форматтағы бейнероликтер, финалистердің дефиле-шеруі. Әр қатысушының сахна мәдениеті, харизмасы, сөйлеу мәнері, бөлінген уақытты пайдалана білуі сынды критерийлер бойынша бағаланды.

Қазылар алқасының құрамында «Балапан», «Хабар», «Ел арна» телеарналарының өкілдері, «Қазақ радиосы», «Шабыт» ҚазҰӨУ, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мамандарының болғанын атап өткен жөн.

Байқау қорытындысы Мәдениет Әміров (№59 МЛ) пен Арина Подлесная (№47 МГ) бас жүлдеге ие болды. Рафаэль Ташенов (№72 МЛ) пен Гүлден Байболат (№54 МЛ) бірінші орынға лайық деп табылды. Анвар Ахметов (№60 МЛ) пен Әсемай Аманғұл (№40 МЛ) екінші орынға ие болса, Мейірлан  Төлеуіш (№66 МЛ) пен Карина Тулеубекова (№23ОМ) үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ, өнері жоғары бағаланған бір топ қатысушы түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанды.

Барлық жаңалықтар