00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Парасат жолы» орталығында жазушылармен онлайн кездесу өтті

24.02.2023 | 17:26
Елорда ақпарат
48

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.

«Парасат жолы» орталығының негізінде жастардың танымал ақын-жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өтеді. Бұл жастар мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаңына айналды. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы азаматтық қоғамның түрлі өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналады.

Елорданың барлық кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылып, әрбір орталықтарда көрмелер ұйымдастырылып, өз жұмыстарын белсенді түрде атқарып келеді.

Көрме материалдары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімелейді, өйткені бүгінде онымен тиімді күресуді барша адамзаттың жауапкершілігінсіз іске асыру мүмкін емес. Жәдігерлер сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған шаралар жүйесімен таныстырады, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік және бұл құбылыс салдарының әлеуметтік қауіптілігі туралы баяндайды.

Қала кітапханаларында құрылған әрбір парасат орталықтарында халыққа белгілі қаламгерлермен кездесу тұрақты негізде өткізіліп отырады.

Сондай кездесулердің бірі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиеті - ұлттық рухтың қазығы» тақырыбында жазушылармен кездесу өтті.

Кездесуге жазушы, баспагер Қанат Қайым, жазушы Сәуле Досжан, қазақ тілінде жазылған алғашқы қазақстандық фэнтези сериясының авторы Рустем Сауытбай, «Алтын тобылғы – 2017» әдебиет премиясының «Үздік балалар шығармасы» номинациясының лауреаты Зәуре Төреханова қатысты.

Кездесуде оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Барлық жаңалықтар