00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «ТеатрALL» театр фестивалі басталды

24.02.2023 | 17:18
Елорда ақпарат
36

“Елорда – таланттар бағын ашатын, жаңа өмір бастап, арманын жүзеге асыратын орын! Шығармашылық ортаға жағдай жасау мақсатында қалада мәдени апта ұйымдастырып отырмыз.

Елордада «ТеатрALL» театр фестивалі басталды! Көптен күткен шараға біздің театрларымыз, оның ішінде жақында ашылған «Qanattylar» инклюзивті театры, сондай-ақ шетелдік шығармашылық ұжымдар қатысады. Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы карантинге дейінгі өмірге орала аламыз.

Фестиваль «Қыз Жібек» операсымен ашылды. Тағы бір ерекшелігі, биыл аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына 50 жыл толып отыр.

Ашылу салтанатында «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлдерді сомдаған еңбек сіңірген әртістер – Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Халық әртісі, Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті А.Әшімов, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі М.Өтекешева, еліміздің Халық әртісі Т.Жаманқұлов, сол сияқты Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев, премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова және т.б. болды.

Театр фестивалі арқылы мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй орнатқымыз келеді. Бұл фестивальді өткізуге қаланың инфрақұрылымдары, оның ішінде шағын және орта бизнес те қатысып отыр.

Ел басшылығы мәдениет және өнер қайраткерлеріне жағдай жасауға және оларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. «ТеатрALL» фестивалі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы ең үздік іс-шаралардың бірі болатынына сенімдімін. Ол театрмен қарым-қатынас орнататын және көрермендермен кездесіп, байланыс құратын бірегей орынға айналады.

Театр фестивалі 28 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді. Фестиваль афишасы жайлы visitnursultan.kz сайтынан толық мәлімет алуға болады” – деп жазды А.Көлгінов.

Барлық жаңалықтар