00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әлемдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылды

24.02.2023 | 17:10
Елорда ақпарат
42

Шарада аталған қауымдастықтың құрылуына ұйытқы болған «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов «Отандастар қорының» соңғы жылдары атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталып, ассоциация құрудың маңызын атап өтті.

«Біздің қордың мақсаты – шетелдегі қандастардың басын біріктіру. Осы орайда БАҚ-тың да рөлі ерекше. Біздегі мәлімет бойынша, әлем елдерінде 88 қазақтілді БАҚ жұмыс істейді. Ассоциация құрудағы мақсат – қазақша БАҚ-тың аясын кеңейту, шетелдегі қандастарымыздың ана тілінде ақпарат алуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар жалпы қазақ тілін дәріптеу. Ассоциацияны құрудың арқасында сырттағы бауырларымыз елде болып жатқан жаңалықтардан тікелей хабардар болып отырады. Яғни Қазақстандағы хабарларды шетелге жеткізу, тиісінше шетелдегі қандастардың тыныс-тіршілігімен қазақстандықтарды таныстыру», - деді Мағауия Сарбасов.

Сонымен қатар Нұртөре Жүсіп шетелдегі қандастарымыздың ауызбіршілгінің берік болуына «Отандастар» қорының қосып жатқан үлесі зор екеніне тоқталып өтті.

«Бүгінгі қауымдастықтың құрылуы – соның дәлелі. Бұл бастаманы ертерек қолға алу керек еді, дегенмен игі істің ерте-кеші жоқ. Бүгінгі іс-шараға қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Барлық шетелде шығатын қазақ тілді ақпарат құралдарының ортақ алаңын қалыптастыру жұмысы аясында сайт ашу және жас мамандарды дайындау сынды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізіледі. Бастамамыз сәтті болсын», - деді ол.

Шараға шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері де онлайын қатысып, өз ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Қалиакбар Үсемханұлы

Барлық жаңалықтар