00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

70 мыңдай астаналық тұрғын кітапханаға тұрақты түрде барады

24.02.2023 | 17:07
Елорда ақпарат
47

«Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасына қарасты Орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі 18 кітапхана қала тұрғындарына қызмет көрсетеді. Олардың штаттық кестесінде 126 адам жұмыс істейді. 2021 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, елорда кітапханаларының кітап қоры 736 118 дана кітапты құрайды. Оқырман саны – 70 857 адам. Берілген кітап саны – 1 072 726. Аталған кезеңде кітапханаларға 423 970 адам келді», – деді ол.

Ведомство басшысының дерегінше, аталған кітапханалардың 2021 жылға арналған бюджеті 258 млн теңгені құрайды.

«Бүгінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, «Замандас-21» қоғамдық бірлестігімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты жолға қоюдың арқасында екі кітапханада қаламыздың жастарына арналған коворкинг орталықтар ашылды», – деді Санат Шапашов.

 

Барлық жаңалықтар