00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Украинада Абайдың ескерткіші ашылды

24.02.2023 | 16:57
Елорда ақпарат
51

«Ойшылдар аллеясына» триптих ретінде орнатылған бұл ескерткіштің авторы – Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбанов. Оның айтуынша, туындысы «Тіршілік ағашы» деп аталады екен. Триптихте Абаймен бірге Украинаның халық ақыны Григорий Сковород пен әзербайжан ағартушысы, философ Мырза Фатали Ахундов бейнеленген.

Ескерткіштің биіктігі – 4 метр, ал аллея ауданы – 2 543 шаршы метр. Бір ерекшелігі, бұл саябақтың өзі Харьковтың тұмса табиғатындағы танымал демалыс аймағында орналасқан. Сол үшін Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев қала әкімдігіне жақсы бастамасы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ триптих бауырлас елдер арасындағы рухани байланысты тереңдете түсетінін, олардың мәдениеті мен өнерінің кеңінен танылуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біз бұл ескерткішті украиналық бауырластардың қазақ халқына, Қазақстанның тарихы мен руханиятына шексіз құрметі деп қабылдаймыз», - деді Елші.

Осы орайда Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаев, Қазақстанның Құрметті консулы Эмин Наджафли және ескерткіш авторы Сейфутдин Гурбанов ТҮРІКСОЙ түркітілдес елдердің мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымының «Абай» медалімен марапатталды.

Барлық жаңалықтар