00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Дәстүрлі достық фестивалінде ел Тәуелсіздігі ұлықталды

24.02.2023 | 16:55
Елорда ақпарат
40

Айта кетсек, дәстүрлі достық фестивалінің мақсаты – ұрпақты этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық бастамаларын ынталандыру. Сондықтан оған елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени орталықтардың 17 шығармашылық ұжымы бірауыздан белсене атсалысты.

Сондай-ақ шараға Президенттік әкімшіліктен бастап, Парламент, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Елшіліктердің өкілдері қатысып, жиналған көпшілікті Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, фестиваль ұымдастырушыларына алғыс білдірді.

«Мәдениет, өнер – халықтарды ең басты біріктіруші дүние. Ол ұлтқа, халыққа, этностарға бөлінбейді. Сондықтан біз осындай әралуан мәдени ерекшеліктеріміз арқылы бірлігімізді көрсеткіміз келеді. Ең басты құндылығымыз – сол бірлік пен татулық. Баршаңызды бүгінгі дәстүрлі достық фестивалінің басталуымен құттықтаймын», - деді фестивальдің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қалалық Ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов.

Сонымен, Қазақстан халқының достығын паш еткен шара аясында ән, қойылым, би арқылы негізінен Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын, мақтан ететін туындылар сахналанды.

Барлық жаңалықтар