00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Назарбаев туралы фильм Рим кинофестивалінде таныстырылды

24.02.2023 | 16:41
Елорда ақпарат
44
"Бүгін Оливер Стоун Рим кинофестивалінде Елбасы сұхбаты негізінде түсірілген "Qazaq. History of the Golden Man" фильмін таныстырады", - деп жазды Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

"Qazaq. History of the Golden Man" фильмінің тұсаукесері Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында 2021 жылдың 6 шілдесінде өтті. Бұл фильмде Елбасы өзінің өмірі туралы әңгімелеген.

Фильмнің ұзақтығы – 8 сағат, оны режиссер Игорь Лопатёнок түсірді.

"Ол жайлы не айтсаңыз да өз еркіңіз, алайда фильмнен Кеңес империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тарту жайлы пайымдайтын қарапайым адамды көресіз. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді. Меніңше, бұл жарқын болашақ", - деп жазды Оливер Стоун фильм туралы.

Барлық жаңалықтар