00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтанда қазақша онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді

24.02.2023 | 16:22
Елорда ақпарат
64

Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді.

Биыл форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиа-трендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.

Форум қонақтары мен спикерлері:

  • Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Джуди Ко, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;
  • Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;
  • Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;
  • Әлішер Елікбаев, журналист, PR маманы, кәсіпкер, Astana Group президентінің кеңесшісі;
  • Марат Оралғазин, шоумен, сценарист, режиссер және продюсер;
  • Ерболат Беделхан, әнші, продюсер;
  • Айзат Құсайынов, «ÕZEN» лейблінің негізін қалаушы, продюсер;
  • Алмас Жали, продюсер, «Brave Talents» продюсерлік орталығының негізін қалаушы;
  • Асхат Халимов, продюсер, «JKS ENTERTAINMENT» негізін қалаушы;
  • Ғалымжан Кеншілік, шоумен, «Қазақстан» РТРК тележүргізушісі;
  • Абай Серғазиев, GALAMAT MEDIA басшысы;
  • Өркен Кенжебек, блогер, тележүргізуші;
  • Дәулет Төлеутайұлы, блогер, dauletten.kz қаржылық және білім беру порталының негізін қалаушы;
  • Думан Смақов, factcheck.kz сайтының бас редакторы;
  • Айсана Ашим, The Village Kazakhstan тәуелсіз БАҚ директоры

Кештің арнайы қонақтары – ÕZEN лейблінің резиденттері: dudeontheguitar және YENLIK.

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.
 

Барлық жаңалықтар