00:00
Астана -10oC
USD:
441.41
EUR:
477.78
RUB:
4.84
Іздеу

Нұр-Сұлтанда «Достық жолы» атты концерт өтті

24.02.2023 | 15:27
Елорда ақпарат
40

Кеш барысында би саласында өз қолтаңбасын қалдырған биші, педагог, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі – Ізім Тойғанды 70 жас мерейтойымен құттықтап екі ел өкілдерінен ыстық ықыласпен құттықтау хат және гүл шоқтары табысталды.

Сонымен қатар кештің бірінші бөлігінде «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айсұлу Мұратқалиева, республикалық байқаудың лауреаттары – Әйгерім Кулшина, Ақбілек Нұрманова, Жәния Байділдаева және Райгүл Исмағұлова өнер көрсетті.

Концерттің екінші бөлімінде Беларусь мемлекеттік академиялық би ансамблі салтанатты «Қарагод» биімен ашты. 

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары – Наталья Веденеева және Анатолий Таран, Юлия Головина, Максим Кашевич және Андрей Мохань, Ольга Головач және Максим Багатка, солистер – Анна Климкина мен Максим Кашевич. Аккордеонның соло – Андрей Андрачик, барабан соло – Александр Зубко көрермендерге ерекше би өнерін сыйлады.

Барлық жаңалықтар