00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі қорытындыланды

24.02.2023 | 15:11
Елорда ақпарат
45

Атап айтқанда, бұл шара аясында «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Астана» радиосында танымдық радиовикторина ұйымдастырылды. Сондай-ақ баспасөздегі қисынсыз аударма мен калька, ақпаратты мемлекеттік тілде тарату мәселелері мен SMM негіздері, қазақша таргет жасау сынды тақырыптарда тренингтер өткен болатын.

 «6 қыркүйектен бері 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оны насихаттау. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілдің әлеуетін нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара жүзеге асты. Мысалы, Тәуелсіздік жылдары елордада 1 мыңға жуық көшеге жаңа ат берілді. Бүгінде қаламыз бұл көрсеткіш бойынша үздіктердің қатарында», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Сондай-ақ ол қаладағы мектептерге Дінмұхамед Қонаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанбек Қожанов сынды ірі тұлғалардың есімін беру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Тіл фестивалі аясында «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» байқауының жеңімпаздары анықталды: Бас жүлде – Ақгүл Айдарбекқызы (Қарағанды облысы); І орын – Әнел Жақан (Нұр-Сұлтан); ІІ орын – Ардақ Сатбаев (Нұр-Сұлтан); ІІІ орын – Амангүл Ермекқызы (Нұр-Сұлтан). Қазылар алқасының құрамында актер, театр режиссері Болат Ұзақов, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ақын, журналист Тұржан Оңайгүл, Қазақ радиосының дикторы, радиожурналист Мұхамедәлі Болатұлы болды.

Барлық жаңалықтар