00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда бір жылда 369 жаңа БАҚ пайда болған

24.02.2023 | 15:07
Елорда ақпарат
55

«Елімізде 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 4919 тіркелген БАҚ бар, бір жыл бұрын оның саны 4550 болатын. Бір жылда 369 жаңа БАҚ тіркелген. Қазақстандағы БАҚ санының өсуіне қарағанда, елімізде медианың даму стратегиясы мен жолдары дұрыс бағытталған деп айта аламыз», – деді вице-министр Astana Media Week аясында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ спикер мемлекеттік БАҚ-тың интернетте жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқанын атап өтті. 

«Qazaqstan» мен «Хабар» жобаларды интернет-аудиторияға икемдеуде жақсы жұмыс атқарып келеді. Мысалы, «Хабардың» YouTube арнасында 6,5 млн қолданушы бар. Интернетте сериал көру әдеті артып барады. “Келінжан” сериалы интернетке шыққан күні-ақ 1 млн қаралым жинады. YouTube-тағы «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының жобалары 6 ай ішінде 300 млн-ға жуық рет тамашаланды”, – деді ол. 

Источник: https://24.kz/ru/news/social/item/500833-kemelbek-ojshybaev-rasskazal-o-razvitii-gosudarstvennykh-smi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

 

Барлық жаңалықтар