00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жеңіс Қасымбек бірқатар мектептің құрылысымен танысты

09.11.2023 | 06:19
48
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астанада осы оқу жылында тағы 7 мектеп ашылады. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды салу жұмысын жалғастырамыз. Мәселен, осы оқу жылында тағы 7 мектеп ашамыз. Аталған оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Бұл мектептер Қарасай батыр мен Бұланты көшелерінің қиылысында, Тұран даңғылы мен №24 көшенің қиылысында орналасқан. Сол сияқты қолданыстағы мектептердің аумағына жаңа корпустар салынады: Кирпичный елді мекенінде, Тархан көшесі, 16, Таха Хусейн көшесі, 5/1, Қарқабат көшесі, 17, Қабанбай батыр даңғылы, 9/1 мекенжайларында, - дейді Ж.Қасымбек.

399679930_3437954883133149_2951698072121844113_n.jpg

Осыған дейін оқу жылының басында 4 мектеп ашылған болатын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Олардың 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасады. Дәл қазір бұл аудандарда мектептерге деген аса қажеттілік бар, - деп жазды елорда әкімі. 

Астана әкімінің мәліметінше, 2027 жылға дейін бас-аяғы 180 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымда) арналған 65 мектеп салынады. Бұл шаралар мектептерге шамадан тыс түсетін жүктеменің қазіргі қиындығын ғана емес, болашақта орын тапшылығы мәселесін толықтай шешеді. Оқу орындары қаланың барлық ауданын, оның ішінде елді мекендерді де қамтиды.

Барлық жаңалықтар