00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Іздеу

Қазақстандық актерлер елордаға көшет сыйлады

16.05.2024 | 15:06
154
Қазақстандық актерлер елордаға көшет сыйлады
Фото: дереккөз

«ADAM BOL» қазақстандық-африкалық фильмінің алдын ала көрсетілімі барысында түсірілім тобы елорда тұрғындарына «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясын қолдап, астаналықтарға көшеттерді сыйға тартты, деп хабарлады Elorda.info.

Киногерлер игі істен шетте қалмай, елордадағы көгалдандыру мен тазалықты сақтауға өз үлестерін қосуға шешім қабылдады. Олар өздерінің кино картиналары айшықты із қалдырып, жастарға үлгі болғанын қалайтынын атап өтті.

Біздің фильмнің идеясы атауының өзі «Адам бол» деп тұр, сондықтан барлық адами қасиеттер бәріне тән. Фильмнің идеясы қырын өтпеуі үшін біз жастарға үлгі көрсеткіміз келеді.

Біз қалаға шағын сыйлық беруді шештік. Жұлдыздар аллеясында біздің көшеттеріміз де болуы үшін елордамызға көшеттер сыйлаймыз. Осылайша, астананы дамыту мен көгалдандыруға өз үлесімізді қосқымыз келді. Астана әкімдігі біздің идеямызды қолдады, - деп атап өтті кинокартина жасаушылар.

Олар елорда тұрғындарын экологиялық акцияға қосылуға және қолдауға шақырды.

Барлық жаңалықтар