00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жеңіс Қасымбек бірқатар азаматқа мемлекеттік награда табыстады

24.10.2023 | 12:04
42

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Адами капиталдан маңызды ешнәрсе жоқ. Елордамыздың бейнесі тұрғындарымен ерекшеленеді. Қаланың дамуына әркім үлес қосып жүр. Республика күні қарсаңында тұрғындарымызға мемлекеттік наградалар табыс етілді.

Сонымен, «Құрмет» орденімен №1 көпсалалы қалалық аурухананың уролог-андрологы Ш.Абдуғалимов, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Л.Гаценко, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ балалар нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ғ.Өленбай, еңбек ардагерлері және т.б. марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен қалалық жедел жәрдем станциясының дәрігер-эпидемиологы, аудандық қазандықтың машинисі, №5 және №10 мектеп мұғалімдері, №1 автобус паркінің жүргізушісі, «Астана-Теплотранзит» АҚ инженері, электромонтері және т.б. марапатталды.

«Шапағат» медалі №4 емхананың бас медбикесіне, «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкеріне, №1 көпсалалы қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігеріне және т.б. табыс етілді.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді келе жатқан мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және табыс тілеймін!,-деп жазды елорда әкімі.

Барлық жаңалықтар