00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Суға батқан баланы құтқарған мұғалім ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

31.07.2023 | 13:22
87
Фото: akorda.kz

Президент қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың  ресми сайтына сілтеме жасап.   

Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.

Барлық жаңалықтар