00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Медорталықтан наркозға арналған дәрілік заттарды ұрлаған азамат ұсталды

17.01.2024 | 06:30
75
Фото: дереккөзден

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. 

Тергеу барысында оның медициналық мекемеде жұмыс істейтіні және ешкім жоқ сәтті пайдаланып, қоймаға кіргені белгілі болды. Ер адам наркозға арналған 10 литр дәрілік затты ұрлап, бірден арзанға сатып жіберген. Келтірілген материалдық шығын 38 мың теңгеден асты. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Барлық жаңалықтар