00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«JOLTAP» әлеуметтік жобасы: Елордада алғашқы модульдік пунктер ашылды

29.08.2023 | 08:00
46
фото: gov.kz

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Достар! Қаламызда «JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктері ашылды. Елорда тұрғындары мен ниет білдірушілердің бәрі мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде тегін кеңес ала алады, жекелеген мамандықтар, цифрлық дағдылар (фрилансингке арналған мамандықтар) бойынша оқудан өтіп, жұмыс таба алады. «JOLTAP» жобасы аясында елордада барлығы 10 «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пункті жұмыс істейтін болады. Алғашқы бес модульдік пункт мына мекенжайларда жұмысын бастады. Олар «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34, «Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2, «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31, «Азия Парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21,«Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24,- деп жазды әкім.

WhatsApp Image 2023-08-29 at 14.19.19.jpeg

Шаһар әкімінің мәліметінше, модульдік пунктер күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Сол сияқты «JUMYS TAP» Telegram-бот бар.

«JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Айта кету керек, жоба құралдары тұтастай алғанда қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады. Жобаға қоғамдық тамақтану, сауда, құрылыс, көлік және қызмет көрсету салаларындағы ірі бизнес өкілдері мен сала көшбасшылары жұмылдырылды. Жобаның бірлескен операторы – «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры. Барлық модульдік пунктерді «Халық» қоры ұсынды,- деп жазды ол. 

пункьт.jpeg

Барлық жаңалықтар