00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Есет Байкен әлем чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті

14.04.2023 | 09:30
48
Фото: Есет Байкеннің Instagram парақшасынан

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен Үндістанның астанасында әйелдер боксынан әлем чемпионатында топ жарған елордалық боксшы қыздармен кездесті. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info. 

Спорт әлемінің халықаралық жарыстарында еліміздің әйелдер құрама командасы жеңіске жетіп, туымызды сан мәрте желбіретіп жатқанын көріп жүрміз.

Өткен айда Үндістанның астанасында әйелдер боксынан әлем чемпионаты өткен болатын. Қазақстанның намысын қорғаған боксшылар - Ләззат Күнгейбаева (2-орын), Валентина Хальзова (3-орын), Аида Абикеева (6-орын), және Римма Волосенко қатысты. Бұл 60 ел, яғни 300 боксшының қатарында керемет көрсеткіш!

Бүгін қыздармен кездесіп, оларға қала әкімі Жеңіс Қасымбектің құттықтауын жеткіздік.

Чемпионатта қыздар батылдық пен ерік-жігерді көрсетіп, отандық бокс мектебінің мықты, сенімді позицияларын жеңіспен растады. Алдағы жарыстарда сәттілік тілеймін! Сүйінші сұрар күндер көп болсын! – деп жазды Есет Байкен.  

Барлық жаңалықтар