00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық жас құтқарушылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

04.07.2023 | 11:00
49
Фото: дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы ТЖД «Жас құтқарушылар» командасы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жас құтқарушы» халықаралық балалар-жасөспірімдер жарысына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс Әзірбайжанның Гябяля қаласында өтті. 

Сайыс түрлі бағыттар, спорттық іс-шаралар және өзін-өзі құтқару дағдыларын үйрету, атап айтқанда: «Өрт эстафетасы», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Кедергілер жолағы» сондай-ақ «Фотокөрме. Менің елім, менің командам» бойынша өтті. 

Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша «Жас құтқарушы» халықаралық слетіндегі жалпы командалық есепте астаналық команда 3-ші орынға ие болды.

Барлық жаңалықтар