00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық кәсіпкерлерге қатысты 135 заңсыз бұйрық анықталды

24.08.2023 | 10:30
63
Фото: дереккөз

Астана қаласы, Сарыарқа  ауданының прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының салық бұйрықтарын шығаруының заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлады Elorda.info қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салық кодексінің 128-бабының 1-тармағына сәйкес салық бұйрықтары жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан салық берешегін өндіріп алу кезінде шығарылуы мүмкін.

Алайда 2020 жылдан бастап салық органы 135 жеке кәсіпкерлерге қатысты аталған атқарушылық құжаттарды заңсыз шығарған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде салық бұйрықтарының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды,-делінген покуратура таратқан ақпаратта. 

Барлық жаңалықтар