00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық аула клубтарының 3300-ге жуық мүшесі бар

24.11.2023 | 06:15
90
Фото: дереккөз

Қалалық  Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшілігінде 20 аула клубы жұмыс істейді, оның ішінде 10-ы қала әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі үй-жайларда, қалғаны жеке меншіктегі үй-жайларда оналасақан, деп хабарлады Elorda.

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Бағдат Атымтай мәлімдеді. 

 Аула клубтарының қызметі жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға, балалардың денсаулығын жақсартуға және олардың өміршеңдігін арттыруға тікелей әсер етеді, сонымен қатар Қазақстандық патриотизмді дамытуға ықпал етеді. Жыл сайын аула клубтарының қабырғасында халықтың әлеуметтік осал топтарынан, аз қамтылған отбасылардан шыққан жүздеген балалар ақысыз негізде тәрбиеленеді. 

4 аула клубы санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейтін жертөлелерде орналасқан, алайда оларды жауып, ережелерге сәйкес келетін, тұрғын немесе бөлек тұрған мекемелердің бірінші қабаттарына ауыстырылды. «Есіл» аула клубы бұрын жертөледе орналасты, қазір жабылды. Аула клубының қызметі «Rumble» орналасқан бокс және фитнес жеке меншік клубына ауыстырылды «Алан» және «Тарлан» АК бұрын жертөледе орналасты, қазір жабылды. Клубтар «Fitness energy gym» орналасқан жеке меншік фитнес-клубына ауыстырылды. «Армандастар» АК бұрын жертөледе орналасты, қазір жабылды.  АК қызметі Алматы ауданы, Мереке к-сі, 1а мекен-жайында орналасқан бөлек тұрған мекемеге көшірілді»,- дейді «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Бағдат Атымтай. 

Сонымен қатар, «Жас қанат» және «Үркер» аула клубтарының кіре берістеріне қатысты ескертпелер реттелді. «Батыр» аула клубында шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

20 аула клубында 7 мен 29 жас аралығындағы балалар мен жастардан құралған 3300-ге жуық мүшелері бар. Үйірмелер мен секциялар саны - 130. Оның ішінде 74 спорт секциясы, 56 шығармашылық үйірме бар: бокс, каратэ, түрлі би үйірмелері, сурет салу, қолөнер, бағдарламалау, тілдерге оқыту және т.б.

Аула клубтарының тәрбиеленушілері Болгария, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Италия елдерінде, Қазақстанның Астана, Алматы, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қарағанды қалаларында өткен жарыстардың жеңімпаздары атанды.

Астана жастары» ұйымдастырған спорт жұлдыздарымен кездесу аясында аула клубтарының тәрбиеленушілері Хабиб Нұрмагомедов (ММА), Сергей Морозов (UFC), Жалғас Жұмағұлов (UFC) сыңды жұлдыздармен кездесуге қатысты.Біздің басты мақсатымыз – аула клубтарының санын арттыру, сапасын да жақсарту. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады»,- дейді Б.Атымтай. 

Барлық жаңалықтар