00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?

01.11.2023 | 08:30
75
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада осы аптада елордада бірқатар іс-шаралар өтеді. Астаналықтар түрлі концерттер мен шоуларға, балаларға арналған ойын-сауық алаңдарына бара алады, деп хабарлады Elorda.info.

1 қараша күні сағат 19:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының 5 жылдығына арналған концерт өтеді. Кіру тегін.

Сағат 19:30-да «Жастар» сарайында елорда тұрғындары «Ретро-хиттер» концертін тамашалай алады.

2 қараша күні сағат 11:00-де «Жастар» театрында қазақ халық ертегісі «Ұр тоқпақ» қойылады, сол сахнада «Қанаттылар» инклюзивті театры «Үй таңдаған лақ» ертегісін ұсынады.

Кешке сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Ғашық-Жүрек» музыкалық спектаклі, ал «Астана Опера» сахнасында «Қыз Жібек» операсы өтеді.

3 қараша күні сағат 11:00-де М. Горький атындағы орыс театрында Т.Уфимцевтің «Щелкунчик» ертегісі өтеді.

14:00 және 16:00-де Қуыршақтар театрында «Элвин және жұмбақ орманның тұрғындары» спектаклі көрсетіледі. Қойылымды 4 және 5 қараша күндері көруге болады.

Сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Елім деп күй төгемін» атты концерт өтеді. Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А.Чеховтың «Вишнёвый сад» комедиясы өтеді.

4 қарашада сағат 11:00-де орыс драма театрында «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі, ал кешке сағат 18:00-де «Гроза» спектаклі өтеді.

«Жастар» театрында 12:00 және 16:00-де А.Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» қойылымы өтеді.

4 және 5 қарашада сағат 16:00-де елордалық циркте AQUAMARINE суындағы цирк бағдарламасы өтеді.

Сағат 18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклі қойылады.

Осы уақытта Astana Ballet театрында Марат Бисенғалиевтің қатысуымен «Есімдер» концерті өтеді. Сондай-ақ, «Астана Опера» театрында «Махаббат музыкасы» концертіне немесе Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Түрік сериялдары әлемі» симфониялық музыка концертіне қатысуға болады.

5 қараша М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Супониннің «Коза-Дереза» ертегісі өтеді. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 18:00-де Н.Гогольдің Санкт-Петербург әңгімелеріне негізделген «Гоголь. Санкт-Петербург» сахналық қойылымы өтеді.

Сағат 19.00-де елордалық «Жастар» театрында С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасы өтеді.

Сағат 20.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Владимир Высоцкийдің шығармашылығына арналған «Я люблю, и значит, я – живу!» қойылымы өтеді.

Барлық жаңалықтар