00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада әлеуметтік нысандардағы тұрақтар тегін болады

21.11.2023 | 07:10
63

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

«Ашық микрофон» форматында қаланың кәсіпкерлерімен кездесу өткіздік. Елордада жарты миллион адам жұмыс істейтін 230 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар. ШОБ-қа жүйелі қолдау көрсетіліп келеді: АЭА және индустриялық парк аумағындағы преференциялар, түрлі бағдарламалар бойынша гранттар мен кредиттер, қажетті инфрақұрылым құру және т.б.

Кездесуде кәсіпкерлер әлеуметтік нысандар салу, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ақылы тұрақ орындары, ШОБ үшін жеңілдіктер және т.б. мәселелерді көтерді,- деп жазды елорда әкімі.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, әлеуметтік нысандардағы тұрақтар тегін болады.

Тұрақ алаңдарының орындарын қайта қарастырамыз. Әлеуметтік нысандардағы тұрақтар тегін болады;

– Келер жылдан бастап мектеп тамағына бөлінетін соманы көбейтеміз;

– 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын саламыз. Олардың 5-еуінің құрылысы келесі жылы басталады;

– 2027 жылға дейін 65 мектеп салынады;

– Келер жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастаймыз. Мемлекеттік балабақшалар соңғы 6 жылда мүлдем салынбаған.

– Жүйелі негізде біз инженерлік, көлік және өзге де инфрақұрылымдарды салумен айналысамыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды,-деп жазды  Ж.Қасымбек.

Барлық жаңалықтар