00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

21.12.2023 | 03:12
62
Фото: дереккөз

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

21 желтоқсан күні таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2 300-ден астам жол жұмысшысы мен 1 600-ге жуық арнайы техника шықты.

Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізілуде.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Елордада алғаш қар жауғаннан бері полигондарға шамамен 250 000 текше метр қар шығарылды, бұл – 17 мыңнан астам рейс.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 желтоқсанда Астанада қарлы боран болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – секундына 15-20 метр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда абай болуы, қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет.

Барлық жаңалықтар