00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

24.11.2023 | 03:00
86
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.

Күзгі-қысқы кезеңде елорданың бес ауданының аумағын қар жауған кезде 2000-нан астам арнайы техника мен 2000-ға жуық жұмысшы тазартады.

Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарларда тазаланады.

Қалада арнайы жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілері оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған, - делінген елорда әкімдігінің ақпаратында.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Барлық жаңалықтар