00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада көшені қардан тазалауға 1200-ден астам арнайы техника шықты

08.01.2024 | 03:30
50
фото: gov.kz

Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартуда, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

300-ден астам жол жұмысшылары 1200-астам техникамен түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай - ақ орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. қардан тазартылады.

7 қаңтар күні Астана көшелерінен 35 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2741 жүк рейсін құрайды.

Қыс маусымының басынан бастап елордада 1 406 985 текше метр қар шығарылды, бұл 103 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.

«Қазгидромет»  РМК мәліметінше, 8 қаңтарда Астанада ауа райы бұлтты, кейде қалың қар, боран болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м / с дейін күшеюі күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аязды көрсетіп тұр.

Барлық жаңалықтар