00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада екі жыл ішінде 40-қа жуық балабақша салынады

13.05.2023 | 14:30
39
фото: gov.kz

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Шаһар әкімі «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. 

Елді мекендерде негізгі мәселелер инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар, жолдар салу, жарықтандыру жүргізу ісіне және т.б. қатысты. Сол сияқты тұрғындар сумен жабдықтау, электр энергиясы, автобустарды іске қосу бойынша сұрақтар қойды.
WhatsApp Image 2023-05-13 at 14.25.42.jpeg
Сонымен жазда қосымша ауыз су станциясын (ССС-3) іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл бүкіл қала бойынша су мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалаға жылумен, электрмен жабдықтауда қосымша күш беретін тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері нысандарының бірқатарының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
WhatsApp Image 2023-05-13 at 14.25.42 (1).jpeg
Сонымен қатар биыл 11 мектеп (14-і салынып жатыр), 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер тапсырамыз, сондай-ақ қалаға 400-500 автобус жеткіземіз, екі жыл ішінде инвесторлар есебінен 40-қа жуық балабақша салынады және т.б. Кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер шешіледі. Біз оларды кезең-кезеңімен іске асырамыз,-деп жазды елорда әкімі.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 14.25.42.jpeg

Барлық жаңалықтар