00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада балабақша тәрбиешілері арасында «Бестемше» ұлттық ойынынан жарыс өтті

30.05.2023 | 21:32
84

«Зияткер педагог» атты «Бестемше» ұлттық ойынынан жарыс өткізілді. Жарыс Бестемшенің рапид түрі бойынша швейцар жүйесімен өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Жеребені арнайы компьютерлік бағдарлама жасады. Әр қатысушыға ойын соңына дейін 10 минут уақыт берілді. Жарысты Астана қаласының тоғызқұмалақ спорты Федерациясы бекіткен төрешілер алқасы жүргізіді. Жарысқа Астана қаласының 27 балабақшаларынан бір педагогтан қатысты. 

Жарыс нәтижесі мынадай: үшінші орын №92 «Жауқазын» балабақшасы мен № 76 «Әдемі» балабақшасы, екінші орын- №70 «Құлыншақ»балабақшасы, бірінші  орын -№61 «Шолпан»балабақша  педагогтары жеңіп алды.

садик 1.jpg

Астана қаласының тоғызқұмалақ спорты Федерациясы атынан жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар және ақшадай сыйлық берілді.

Жарысқа қатысқан балабақша педагогтары жарыс ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.

садик 2.jpg

 

Барлық жаңалықтар