00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада бұрынғы жұмыс орнынан ақша ұрлаған азамат ұсталды

11.01.2024 | 08:30
63
фото: polisia.kz

Тергеу барысында күдіктінің сағат 23:45 шамасында пластик терезені бұзу арқылы дәмханаға кіріп, кассадағы ақша мен қызметтік телефонды алып шыққаны белгілі болды.

Алматы ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 18 жастағы жігітті қолға түсірді.

Күдікті мекемеде бұрын жұмыс істеген болып шықты. Келтірілген шығын 160 мың теңге.

«Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қылмысын мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі», - деді Алматы ауданы Полиция басқармасы. 

Барлық жаңалықтар