00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада академик Зәки Ахметовтің туғанына 95 жыл толуына орай конференция өтті

04.05.2023 | 21:00
49
Фото: ЕҰУ баспасөз қызметінен

Еуразия ұлттық университетінде академик Зәки Ахметовтің 95 жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Конференцияға жақын және алыс шетелдерден ғалымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Қазақ өлеңінің құрылысын кешенді түрде зерделеген іргелі еңбегі арқылы қазақ әдебиеттануы ғылымының жаңа бір белесін қалыптастырды. Ұлттық әдебиеттану әлемінде Зәки Ахметов есімінің өлең сөздің теориясы  ұғымымен қатар айтылуы дәстүрге айналды. Оның зерттеу еңбектері әдебиеттану ғылымы үшін маңызын жоғалтпайтын қымбат жәдігерлікке айналды. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған конференцияның халықаралық деңгейде өткізілуінің өзі ғалым-ұстаздың биік тұлғасын, оған деген елінің құрметін аңғартады деп білеміз, - деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. 


Сондай-ақ, конференцияда Зәки Ахметовтің белгілі іргелі еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ұсынылды.

Барлық жаңалықтар