00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды

22.12.2023 | 06:19
56
Фото: дереккөз

Биыл Астанада 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. ОКҚ алаңында өткен брифингте Жеңіс Қасымбек тартымды орындар қай жерлерде ашылғаны туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл елорданы көріктендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Қ.Мұңайтпасов, Бейбітшілік, «Амман» және «Абылайхан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақтар кластерін өзара байланыстырды. Орталық жағалаудың тарихи көшелері жаңартылды, «Журналистер аллеясы», Салтанат қақпасының жанындағы гүлзар және т.б. абаттандырылды. Көгалдандыру жұмысы да назардан тыс қалмады. Биыл миллионға жуық жасыл желек отырғызылды, олардың бір бөлігі қаланың жасыл белдеуіне егілді, - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі бұрын көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған 9 орында гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер ашылатынын атап өтті. 

Мысалы, Айтматов-Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаскеде 12 қабатты көпфункционалды кешеннің орнына гүлзар салынды. Р.Бағланова көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында жеке құрылыс салушы тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаған болатын. Нәтижесінде инвестормен бірлесіп, осы учаскеде қоғамдық кеңістік салынды.

Күмісбеков көшесі, 7/1 мекенжайында орналасқан ескі гараждардың орнына қала тұрғындарының демалысы үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орын салынды. Көктөбе тұйық көшесі, 5 мекенжайында бос жердің орнына қазір спорттық-ойын аймағы бой көтерді. 

Барлық жаңалықтар