00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорда прокурорлары арасында отбасылық спартакиада өтті

22.08.2023 | 06:00
55
Фото: Астана прокуратурасының баспасөз қызметі

 «Аспан» спорт кешенінде Астана қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен отбасылық спартакиада өтті, деп хабарлады Elorda.info  

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша шара Спорт күніне орай ұйымдастырылды.   

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарысқа қала прокуратурасының басқармалары  мен аудандық прокуратуралардан 6 отбасылық команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен Сарыарқа ауданы прокуратурасының атынан қатысқан отбасылық команда бірінші орынды иеленді.
Іс-шараның барлық жеңімпаздары мен қатысушыларына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Спорттық мереке барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге жағымды эмоциялар, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 Аталған шараның  мақсаты ұжымды біріктіруге, отбасылық рухты нығайтуға, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына қосылуға ықпал ету,-дейді ұйымдастырушылар.       

Барлық жаңалықтар