00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорда прокуратурасы заңсыз қоқыс тастағандарды жауапкершілікке тартты

04.08.2023 | 07:00
58
Фото: дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шараларға бастама жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Қала прокуратурасы уәкілетті органдар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіп, бірқатар заңсыз қоқыс орындарын анықтады.

Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы органмен 15-тен астам қоқыс үйінділері жойылып, 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Барлық жаңалықтар