00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елорда әкімі құрылысы ұзаққа созылған бірқатар нысанның үлескерлерімен кездесті

31.10.2023 | 07:12
46

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram  парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар нысандардың үлескерлерімен кездестім.

Олар – «Территория комфорта-1» 2-кезек, «Триумф Сити», «Future home» тұрғын үй кешендері. Үлескерлердің жалпы саны – 800-ге жуық отбасы.

Мәселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы осыдан 20 жылдай уақыт бұрын басталған. Техникалық тексеру кезінде ғимараттың апатты жағдайда екені анықталды. Тиісінше апатты күйдегі тұрғын үй кешенінің барлық блогын бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2021 жылы «Территория комфорта» ТК бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған. Қалған блоктар бойынша жұмыс жүріп жатыр,- деп жазды елорда әкімі.

IMG_7332.jpeg

«Триумф Сити» мен «Future home» тұрғын үй кешендерінің құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Мысалы, «Future home» тұрғын үй кешенін өткізу кезінде 4 және 7 қабаты ғана салынған.

IMG_7333.jpeg

Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігін қазірдің өзінде аяқтадық. Үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында,- деді Жеңіс Қасымбек.

Барлық жаңалықтар