00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астананы көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр

13.11.2023 | 14:32
74
Фото: jenis_qasymbek

Қаламызда көгалдандырылған орындар қатары көбейеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info

жкк.jpg

Мәселен, биыл коммуналдық қызметтердің, сол сияқты ағаш отырғызуға және экоакцияларға белсенді қатысқан тұрғындардың еңбегінің арқасында қалада 45 «жасыл мекен» пайда болды. Олар – саябақтарда, алаңдарда және қоғамдық кеңістіктерде.

Бірақ қалалық кеңістіктер ғана емес, аулалар да көгалдандырылуы керек. Биыл құрылыс салушылар тарапынан жасыл желектерді отырғызу көлемі 2,5 есе артты. Олар өздерінің тұрғын үй кешендерінің аумағына 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызды. 

Қаланы көгалдандыруға тек құрылыс салушылар ғана емес, сол сияқты өнеркәсіптік және коммерциялық нысандардың, тұрғын үй кешендерінің, сауда және бизнес-орталықтардың және т.б. өкілдері де жұмылдырылатын болады. Олар өз аумақтарына ұқыппен қарауы тиіс – жасыл желектер отырғызу және оларға күтім жасау, осылайша қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауы қажет, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

жасыл.jpgЕлорда әкімінің айтуынша, сондай-ақ, урбанистика орталығымен бірлесе отырып, Астананы көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр.

Бұл құжатта нақты шаралар, жоспарлар және елорданы көгалдандырудың жалпы стратегиясын қамтитын ережелер мен ұсынымдар жиынтығы қамтылады.

Суару жүйелеріне және тәлімбақтың дамуына ерекше назар аударылады. Біз тәлімбақты жаңғыртуды жоспарлап отырмыз: көшеттерді көбейту, күтім мен суарудың заманауи технологияларын енгізу. Сондай-ақ, қалада жергілікті суару жүйелерін салуды ары қарай жалғастырамыз.

Сонымен қатар, экология және көгалдандыру мәселелерін ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асановпен, жауапты министрліктің басшысы Ерлан Нысанбаевпен, ҚР Парламенті Сенатының және қалалық мәслихаттың депутаттарымен және т.б. бірлесе қарастырдық, - деді Астана қаласы әкімі. 

Ниет білдірушілердің бәрі қаланы көгалдандыру бойынша өз ұсыныстары мен идеяларын Урбанистика орталығының centerofurbanism@gmail.com поштасына жібере алады. Ұсыныстар өңделеді әрі ескеріледі.

Барлық жаңалықтар