00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналықтар автобустардың келу уақытын QR код арқылы көре алады

23.01.2024 | 06:00
52
Фото: дереккөзден

Астанада жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту аясында аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды. 

Енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақыттын көруге болады.

Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасын Google Play, App Store немесе AppGallery жүктеп алу қажет. Қолданбаның басты бетінде QR белгісін басып, аялдамадағы QR кодты сканерлеу керек. Содан кейін қосымшада аялдамадан өтетін маршруттар және олардың болжамды келу уақыты көрсетіледі, - деді «City Transportation Systems» ЖШС. 

Қазір елордадағы 225 аялдамада QR кодтары бар жапсырмалар бар.  Алдағы уақытта қалған аялдамаларға да орнатылады. 

Барлық жаңалықтар