00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі

22.11.2023 | 11:30
58
Фото: www.gov.kz

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр және жолдарда көктайғақ болмас үшін барлық шараларды қабылдауда, деп хабарлады Elorda info қалалық әкімдікке сілтеме жасап.  

Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ пайда болады.

Қала тұрғындарының ыңғайлы жүруі үшін жолдар мен тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы себілді.

Елордада 22 қараша күні таңертең қар тазалау жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтағаны және көшеде жүргенде абай болғаны жөн.

Барлық жаңалықтар