00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жаяу жүргіншілерге арналған бірнеше променад ашылды

23.11.2023 | 11:49
39
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астанада аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру маусымы аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл ауқымды жұмыс жүргізілді. Бас-аяғы 165 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) және аула кеңістігі абаттандырылды.

Сонымен қатар, бұрын көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы қарастырылған 9 орынға гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер салынатын болады.

Мәселен, Айтматов-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы учаскеде 12 қабатты көпфункционалды кешеннің орнына гүлзар салынды, - деді Ж.Қасымбек.

Р.Бағланова көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында жеке құрылыс салушы тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаған. Нәтижесінде бұл учаскеде инвестормен бірге қоғамдық кеңістік салынды.

Күмісбеков көшесі, 7/1 мекенжайындағы ескі гараждардың орнына қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орын жасалды. Аумағы абаттандырылып, ағаш отырғызылды және т.б. Ал Көктөбе, 5 мекенжайында бос жердің орнына спорт-ойын аймағы салынды.

faaadc55-023e-4345-b638-8aa2bed11e4e.jpg

Сол сияқты қалада Қ.Мұңайтпасов пен Бейбітшілік көшелерінің бойында жаяу жүргіншілерге арналған бірнеше променад ашылып, «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері жасалды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін біріктірді. Орталық жағалаудағы тарихи көшелер жаңарып, «Журналистер аллеясы», Салтанат қақпасының жанындағы гүлзар, Ш.Уәлиханов көшесіндегі Кравцов көшесінен С.Сейфуллин көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер кеңістігі және т.б. абаттандырылды.

7a014fe0-9909-4b95-ac20-3a310ed10c7e.jpg

Барлық жаңалықтар