00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына орай концерт өтеді

20.10.2023 | 09:15
68
Фото: дереккөз

Астанада аңызға айналған «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына орай үлкен шоу өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі брифингте концерт туралы топтың негізін қалаушы және продюсері Қыдырәлі Болманов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина айтып берді.

Көрермен этно-рок тобының және өзге танымал әншілердің өнеріне куә болады. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина, Майра Мұхамедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay бар.

Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, «Ulytau» – бұл батыс пен шығыс мәдениеттерінің бірігуі, ал осыған ұқсас жоба әлемнің еш жерінде жоқ. Скрипканың нәзік әуені қазақтың қара домбырасымен әдемі үйлеседі, ал электрлі гитараның айқын екпіндері топты шын мәнінде ерекшелей түседі.

Топ музыканттары әлемдік композиторлар – Бах, Вивальди, Паганини, сондай-ақ халқымыздың Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев секілді тұлғалардың шығармаларын орындайды.

Концерт 24 қазан күні сағат 20:00-де «Барыс-Арена» сахнасында өтеді.

Барлық жаңалықтар