00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада прокурорлардың араласуымен 100 млн теңге алимент өндірілді

14.08.2023 | 08:00
44
Фото: Астана қаласы прокуратурасы

Биыл прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 428 балаға 100 млн теңге алимент төленді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан барлығы 98 борышкер жауапкершілікке тартылды. 7 қасақана борышын төлемеушіге қатысты айыптау үкімдері шығарылды. Осымен қатар, превентивтік шаралар да өткізіледі.

Қала прокуратурасы жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп тұрады. Күні бүгін барлығы 71 борышкер жұмыспен қамтылды, 51 адамға жұмысқа орналастыру туралы мәлімдеме берілді, - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының ресми сайтында

Прокуратура, сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатынын мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар