00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері марапатталды

24.10.2023 | 07:30
105
Фото: дереккөз

Республика күні қарсаңында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» ордендері 17 астаналық көпбалалы анаға табысталды, деп хабарлады Elorda.info.

Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов аналарды құрметті атақтарымен құттықтады.

Кез келген мемлекеттің болашағы – саналы ұрпақ. Бүгінгі бала – өз Отанының дамуына үлес қосатын елдің ертеңгі азаматы. Балаларды тәрбиелеудегі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерді марапаттарыңызбен құттықтаймын! - деп атап өтті ол өз сөзінде.

af90c374-4692-4706-a78a-ecf1da1044b8.jpg

Айта кетейік, ел Президентінің Жарлығымен «Күміс алқа» алқасымен алты бала туып, тәрбиелеген аналар марапатталады. Ал «Алтын алқа» – жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар.

Барлық жаңалықтар