00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада 10 мыңға жуық билетсіз жолаушыға айыппұл салынды

26.12.2023 | 12:00
95
Фото: Оңалхан Өнерхан

Олардың міндетіне төлем тексерумен қатар, қолданыстағы төлем түрлерін түсіндіру жатады. Тексеру барысында анықталған билетсіз жолаушыларға полиция қызметкерлерімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Салынатын айыппұл мөлшері – 2 АЕК, 6 900 теңге.

11 ай ішінде CTS көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлікте жолақы төлемеген 181 507 жолаушыны анықтады. Оның 9 451-іне полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 65 млн теңгеден асады.

Айта кетейік, әр төленген жолақы мен жүргізілген валидация жолаушылар ағынының нақты көрінісін көруге және осы көрсеткіш негізінде дұрыс маршруттық желіні құрудың негізгі элементі болып табылады. 

Жолаушылардан жолақысын төлеп жүрулерін сұраймыз. Осылай елорданың қоғамдық көлігінің дамуына үлес қосасыздар, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар