00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астана қаласы әкімі «JOLTAP» жобасы жұмысымен танысты

05.12.2023 | 12:21
48
Фото: jenis_qasymbek

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жүзеге асып жатқан «JOLTAP» жобасы жұмысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Өмір сүру сапасы негізінен таңдаған мамандық пен жұмысқа байланысты. Дегенмен өкінішке қарай, қала тұрғындарының бәрі бірдей белгілі бір мамандық иесі бола алмады. Біздің міндетіміз – бүгінде нарықтағы қажетті дағдыларды меңгеруге және жұмысқа орналасуға көмектесу.

Қыркүйек айында біз «JOLTAP» әлеуметтік жобасын іске қостық. Жоба мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашу үшін өтінімдер беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша тегін консультациялар береді.

«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары қысқа мерзімді екі бағдарламада тегін білім алады. Бірінші бағдарлама тігінші, наубайшы, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандыру қызметінің әмбебап қызметкері, бариста сияқты 5 жұмысшы мамандығын оқытуға арналған.

Екінші бағдарлама – «Freelance Mumkindik», 7 цифрлық дағды бойынша оқытуды ұсынады: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер (сайт әзірлеу).

Оқу сыныптарын аралап, бағдарламаға қатысушылармен әңгімелестім. Жоба аясында қатысушылар теориялық қана емес, практикалық білім де алады. Сол сияқты оларға сертификаттар беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Оқыту ұзақтығы бағдарламаға байланысты он күндік курстан бір жарым айға дейін созылады.

«JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының нәтижелі жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатыр, - деді Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек. 

Жоба құралдары туралы толық ақпаратты «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы мына мекенжайлар бойынша алуға болады:

«Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34;

«Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24;

«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 24;

«Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2;

«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;

«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;

«Азия Парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;

«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;

«Саянұр» базары, Тілендиев даңғылы, 24/5;

«Big Шанхай» СҮ, Алаш тас жолы, 32а.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «JUMYS TAP» (@jumystap_bot) Telegram-бот іске қосылды, онда маңызды бос жұмыс орындары жарияланады.

Барлық жаңалықтар